Елімізде балалар қандай түрдегі екпелермен жоспарлы түрде екпе алады?

    Елімізде Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесі енгізілген. Осыған орай, бүгінде балалар жұқпалы аурулардың 13 түріне – вирусты гепатит В, туберкулез, полиомиелит, ротавирустық инфекция, демікпе, сіреспе, көк жөтел, Хиб инфекциясы, қызылша, эпидпаротит, қызамық, пневмококк инфекциясы, ВПЧ-адам папиллома вирустарына қарсы жоспарлы түрде егіледі. папилломавирус.

    Айта кетерлік жайт, 2000 жылға дейін елімізде балалар инфекцияның 6 түрінен ғана екпе алған болса, қазір профилактикалық егу күнтізбесіне тағы 7 түрдегі екпе енгізіліп, олардың басым бөлігі бала бір жасқа толғанға дейін қолданылады.

    Екпе алуға көрсеткіштерді немесе қарсы көрсеткіштерді маман анықтайтыны белгілі, ал дәрігер әр бір анамен баланың созылмалы аурулары, алдыңғы екпелерге реакциясы немесе асқынуы, дәрі-дәрмек пен тағамға аллергиялық реакциялары туралы қысқаша сауалнама жүргізеді.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүгінде әлемде әр 100 мыңға жуық адамға шаққанда 14 жатыр мойны обырына шалдыққан науқасқа дұрыс келеді. Жыл сайын жер жүзінде 604 мыңға жуық әйелде осы аурудың диагнозы қойылып, оның 342 мыңы қайтыс болуда. Біздің елімізде бұл ауру барлық жастағы әйелдер арасында сүт безі обырынан кейінгі орында тұр.

    Өлім көрсеткіші бойынша барлық жастағы әйелдер арасындағы сүт безі және асқазан безі обырынан кейінгі үшінші және туу жасындағы әйелдер арасында екінші орынды иелеген. Аурудың алдын алу үшін дер кезінде анықтап, емдеу және 9 жастағы қыз балаларды папиллома вирусына қарсы екпе егіу қажет деп саналады.

    Сондықтан 2019 жылдан бастап ұлттық екпе күнтізбесіне жатыр мойны обырына қарсы қолданылатын ОПВ вакцинасы да енгізілді. Нәтижесінде жыл сайын 9 жастағы 350 мыңнан астам қыз бала осы екпені алады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    — Осындай іс-әрекеттердің арқасында бүгінде елімізде басқарылатын жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу жұмыстары 95-98 пайызды құрады», — дейді Санитарлық-эпидемиологиялық тыныштық және қоғам денсаулық сақтау комитетінің бөлім меңгерушісі Дилором Турсунова. – Егу шараларын өткізуге 3 мың 138 егу пункті бөлінген.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates