Шахрисабз бен Бейлаган бауырлас қалаларға айналды

    Әзербайжан президенті Илхом Алиевтің елімізге мемлекеттік сапары аясында «Өзбекстан — Әзербайжан бизнес форумы» ұйымдастырылғаны белгілі.

    Форумда Шахрисабз қаласының әкімі Шерзод Бориев пен Бейлаган қаласының әкімі Азиз Азизов тарапынан екі қала арасында ынтымақтастықты жаңа басқышқа көтеру мақсатында Әзербайжан Республикасының Бейлаган қаласы мен Шахрисабз қалалары арасында бауырластық байланыс орнату туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.

    Келісімге сәйкес, қалалар туризм, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық бағыттардағы ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, қалалардың білім беру ұйымдары арасындағы өзара қарым-қатынастарды қолдау сынды мәселелерде ынтымақ-бірлікте жұмыс жүргізілуі жоспарлануда.