Қандай әдеттер обырдың дамуына әкелуі мүмкін?

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне орай, 2020 жылы қатерлі ісіктен 10 миллионға жуық адам қайтыс болған немесе әрбір алтыншы өлімнің бірі осы аурудан болған.

    Обырдың ең көп таралған түрлері - сүт безі, өкпе, тоқ ішек және тік ішек және простата безі обыры.

    Бір қарағанда зиянсыз болып көрінетін кейбір әдеттер обырдың дамуына түрткі болуы мүмкін. Мысалы:

    Созылмалы ауруларды елемеу

    Созылмалы қабынудың ошақтары (мысалы, ішектегі колит) қатерлі ісіктің дамуына әкелуі мүмкін. Мұндай аурулар жасушалардың өзгеше өсуі мен бөлінуіне, сондай-ақ олардың мутациясына себеп болуы, бұл обырдың пайда болуына әкеледі. Сонымен қатар, қабыну үдерістері иммундық жүйені әлсіретіп, денені ісіктерге осал етеді.

    Темекі шегу

    Темекі түтінімен денеге обырдың дамуына үлес қосатын канцерогенді заттар енеді. Темекі шегу адамның тыныс алу жүйесіне ең үлкен қауіп төндіреді. Өкпе қатерлі ісігімен ауыратындардың 90%-дан астамы темекі шегетіндер.

    Жол-жөнекей тамақтану мен тәттілерді көп жеу

    Қатерлі ісік жасушалары өсіп, дамуына көп мөлшердегі глюкозаны қажет етеді. Сондай-ақ рационда қант мөлшерінің көп болуы артық салмақ пен 2 түрлі қант диабетіне әкелуі мүмкін. Бұл жағдайлар қатерлі ісік қаупін арттырады. Егер сіз тәтті өнімдерді көп жесеңіз, мутацияға ұшыраған жасушалардың дамуына тамаша жағдай жасаған боласыз.

    Тамақты ыстық кезінде ішу

    Ауыз қуысын күйдіретін ыстық тағамдар мен сусындар ауыз қуысы мен қызыл өңештің күйіп қалуына әкелуі мүмкін. Мұндай тұрақты күйіктер (жарақаттар) жасуша дегенерациясына қауіп төндіреді. Дәрігерлердің ұсыныстарына сәйкес, тамақ пен сусынның ең жақсы температурасы 60 градустан аспауы қажет.

    Аз ұйқы

    Тұрақты түрде ұйқының болмауы ерлерде простата безі обырын, ал әйелдерде сүт безі қатерлі ісігін тудыруы мүмкін. Өйткені, мелатонин гормоны ұйқы кезінде пайда болады. Оның ағзада болмауы жасуша мутациясына әкелуі мүмкін.

    Бұл әдеттер денені әлсіретеді, бірақ олар міндетті түрде қатерлі ісікке әкеледі деп айту да қате. Қандай өмір салтын ұстанатыныңызға қарамастан, үнемі медициналық тексеруден өтуге тырысыңыз. Бұл қатерлі ісік ауруын ерте кезеңде анықтауға және қажетті шараларды дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді, деп ескертеді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates