Мемлекет басшысы «Жаңа Науаи» қалашығының құрылысымен танысты

    Мемлекет басшысы «Жаңа Науаи» қалашығының құрылыс алаңында болып, қариялар мен зиялы қауым өкілдерімен сұхбаттасты.

    - Бүгін мұнда келуіміздің себебі – Науаи облысындағы 8 аудан мен 3 қаланың ертеңгі күні қандай болмақ деген сұраққа жауап табу. Бір шаңырақтың тұтынуын қамтамасыз етудің өзі оңай емес. Құдайға шүкір, халқымыздың саны 38 миллионға жақындап келеді. Сол үшін халқымызға лайықты және қажетті жағдай жасап отыруымыз керек. Жаңа шағын қалашықтарды не үшін салып жатырмыз? Жастарымыз өсіп келеді. Олар туған жерінде еңбек етіп, жақсы өмір сүруі үшін барлық өңірде жағдай жасаймыз, - деді Президент.

    Жоба үшін Кармана ауданынан Науаи қаласына 1 мың 100 гектар жер берілген. Бірінші кезеңде 450 гектар аумақта құрылыс жүргізу жоспарланған.

    Шағын қалашықта 7-22 қабатты тұрғын үйлер, 4 мың 170 орындық жалпы білім беретін мектептер, 1 мың 620 орындық балабақшалар, емхана салынады. Сондай-ақ, мұнда «Жаңа Өзбекстан» саябағы мен Науаи мемлекеттік педагогикалық институтының жаңа кампусы орналасады.

    Мемлекет басшысы Науаи облысында өнеркәсіптің дамығанын, бірақ қызмет көрсету әлеуетінің толық пайдаланылмағанын айтты. Осыған байланысты қалашықта серуен алаңдары, ойын-сауық орталықтары, сауда орындары мен тамақтану орындарын ұйымдастырып, қызмет көрсету саласын дамыту жоспарланды.

    Қалашық құрылысы дирекция арқылы үйлестіріліп отырады. Жер учаскелері электрондық аукционға шығарылып, жеңімпаз құрылыс ұйымдарымен инвестициялық келісімшарт жасалады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates