Пәкістанмен электронды коммерция саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

    Ташкентте үстіміздегі жылдың 4 ноябрінде Өзбекстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 9-жиналысы және Өзбекстан-Пәкістан бизнес форумы өтті.

    Оған Өзбекстан Республикасының инвестициялары, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов, Пәкістан Ислам Республикасының Сауда министрі Жам Камол Хан және тиісті министрліктер мен кеңселердің басшылары, сондай-ақ екі елдің 100-ден астам ірі өнеркәсіпорындардың басшылары қатысты.

    Күн тәртібіне сәйкес, ең алдымен делегация басшыларының шағын құрамдағы екіжақты кездесуі өтті. Онда сауда, инвестициялар, өнеркәсіптік кооперациясы, көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы және оны дамыту болашақтары талқыланды.

    Содан соң Үкіметаралық комиссияның 9-жиналысы өз жұмысын бастады, онда тікелей Өзбекстан-Пәкістан келісімдерін жүзеге асыруға жауапты министрліктер мен кеңселердің басшылары берген есебі және жоспарлары тыңдалды.

    Пәкістан Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі саналады. Соңғы бес жылда екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 3 есеге көбейіп, ал биылғы жылдың басынан бері 10 пайызға өсіп, 300 миллион доллардан асты. Осы кезең барысында бірлескен кәсіпорындардың саны үш есеге өсіп, 128-ге, ал автомобиль көлігінде жүк тамысалдау көлемі 6,5 есеге жуық артып, 2023 жылы 354 мың тоннаға жетті.

    Бірлескен инвестициялық жобаларды және сауда келісімдерін іске асыру кезеңдерін егжей-тегжейлі қарастыра отырып, тараптар нәтижелерді одан әрі дамыту үшін бірқатар нақты іс-шараларды белгілеп алды. Соның ішінде Жеңілдетілген сауда туралы келісімінің тиімділігін арттыру, екі елде ұлттық өнімдердің көрмелерін өткізу және сауда үйлерін ашу, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін екі елдің электронды сауда алаңдарына кіру мүмкіндігін кеңейту мәселелері талқыланды.

    Инвестициялық ынтымақтастық аясында 2025-2026 жылдарға арналған «Өнеркәсіптік кооперация бағдарламасы» әзірленіп, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі, ақпараттық технологиялары, химия өнеркәсібі, тоқымашылық және машина жасау сияқты салаларда ауқымды бірлескен жобалар жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, көлік байланыстарын дамыту және елдер арасындағы жүк тасымалдауды жеңілдету бойынша бірқатар іс-шараларға келісілді.

    Іс-шаралар соңында Үкіметаралық комиссия жиналысының қорытынды хаттамасына және Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі және Пәкістан Ислам Республикасы сауда министрлігі арасында электронды коммерциялық саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.