Осы Заңның мақсаты азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы қатынастарды реттейтін болады.
Заң нормалары халықтың тағамдық құндылығы бар азық-түлік өнімдерімен қауіпсіз тұтынуды қамтамасыз етуге, тиімді базар механизмдерді қалыптастыруға және азық-түлік өнімдері мен шикізатты өндіруге қатысты енгізіледі.
Заңда азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары белгіленген.
Атап айтқанда, азық-түлік өнімдерін тұтынудың минималды нормаларына сәйкес азық-түлік өнімдері мен шикізатының айналым қорын қалыптастыру және халықты әлеуметтік маңызы бар түрдегі азық-түлік өнімдерін жеткілікті мөлшерде және үздіксіз қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейту осылар қатарында.
Сонымен қатар, мемлекеттік азық-түлік өнімдердің заңнамада белгіленген санитарлық, ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық, фитосанитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес өндіруді ынталандырады.
Сыртқы экономикалық қызметті жандандыру, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар негізгі түрдегі азық-түлік өнімдерінің экспорты мен импорты арасындағы оңтайлы теңгерімді сақтау да азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясаттың бағыттарының бірі саналады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өкілетті мемлекеттік орган ретінде белгіленуде.
Оған республиканың атқарушы билік органдарының және жергілікті атқарушы органдардың азық –түлік қауіпсіздігі саласындағы қызметін үйлестіруге, азық-түлік өнімдері мен шикізатын өндіруге байланысты қызметті қолдап-қуаттау бойынша ұсыныстар даярлау, азық-түлік қауіпсіздігіне кері әсер етуші факторларды үйрену негізінде азық-түлік өнімдерін өндіру үдерістерін жетілдіру және дамытуға қатысты қысқа, орта және ұзақ мерзімді стратегияларды әзірлеу сияқты бірқатар өкілеттіктер берілуде.
Сондай-ақ, Заңда азық-түлік өнімдерінің тапшылығын болдырмау бойынша мемлекет тарапынан қандай шаралар қаралуы, азық-түлік балансын қалыптастыру, тұтынушылар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы құқықтары мен міндеттері белгілеп қойылуда.
Осы Заң елімізде азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы қатынастарды реттейтін нормаларды бірыңғай құжатқа унификациялау және жүйелендіру, осы саладағы қатынастарды кешенді құқықтық тәртіпке салуға қызмет қылады.
Талқылау соңында Заңды сенаторлар мақұлдады, деп хабарлайды Олий Мәжіліс Сенатының баспасөз қызметі.