Өзбекстан Президенті Иран Президентімен кездесті

    Ашхабад қаласында өткен халықаралық форум аясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианмен кездесу өткізді.

    Кездесуде Өзбекстан мен Иран арасындағы көпқырлы қатынастарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

    Әртүрлі деңгейлердегі белсенді байланыстар мен тиімді алмасулар жалғасып жатқаны атап өтілді. Сауда айналымы көлемі мен бірлескен кәсіпорындардың саны артып келеді.

    Мемлекет басшылары кооперациялық жобаларды қолдау және жедел жүзеге асыру, жеңілдікті сауда келісімі аясындағы тауарлар тізімін кеңейту маңызды екенін айтты.

    Өзбекстан мен Иран басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша да пікір алмасты.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates