Кездесуде бүгінгі жоғары деңгейдегі келіссөздердің нәтижелі болғаны және Өзбекстан-БАӘ қатынастары стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгені жоғары бағаланды.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және басқарушы кадрларды даярлау сияқты салаларда белсенді диалог пен тиімді ынтымақтастық жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
Жоғары технологиялар, цифрландыру, инфрақұрылымды дамыту және басқа да перспективалы бағыттарда жаңа жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.
БАӘ-дағы серіктестермен Өзбекстанда жасанды интеллект саласында тығыз ынтымақтастық жасауға қызығушылық білдірілді.
Дубайдың озық шешімдерін қалалық құрылыс саласында, атап айтқанда, Жаңа Ташкентте заманауи инфрақұрылым жасау аясында енгізуге ерекше көңіл бөлінді.
Тараптар белсенді диалогты жалғастыру және практикалық серіктестіктің барлық салаларында ауқымды ынтымақтастықты дамыту жөнінде келісімге келді.