Ресей делегациясы Өзбекстан мен Ресей үкімет басшылары деңгейіндегі бірлескен комиссияның бесінші отырысы аясында елімізде сапармен жүр.
Кездесу басында Михаил Мишустин Мемлекет басшысына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шынайы сәлемін және ізгі тілектерін жеткізді.
Келіссөздер барысында Өзбекстан мен Ресей арасындағы көпжақты ынтымақтастықты, ауқымды стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.
Ресей Президентінің биылғы 26-28 мамыр күндері Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында қабылданған шешімдер мен келісімдерді іске асыруға ерекше назар аударылды.
Осыған байланысты, Бірлескен комиссияның кеше өткен кезекті отырысының тиімді нәтижелері жоғары бағаланды.
Тауар айналымының қарқынын сақтау, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және экономика салаларының басқа да басым бағыттарында ынтымақтастық жобаларын қолдау және жеделдету бойынша үйлестірілген шараларды жүзеге асыру қажеттігі атап өтілді.
Мемлекет басшысы өңірлер деңгейінде тәжірибелік ынтымақтастықты одан әрі нығайту, мәдени-гуманитарлық алмасуларды жедел жалғастыру және көші-қон саласында тиімді ынтымақтастық орнату маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ кездесу барысында тараптарды қызықтырған мәселелер бойынша пікір алмасылды.