«Инвестициялар және инвестициялық қызмет туралы», «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы», «Микроқаржыландыру қызметін жетілдіруге байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заңнамалық құжаттарына қосымша мен өзгертулер енгізу туралы» және « Банктердегі аманаттарды қорғау кепілдіктері туралы» заңдары қаралады.
Кезектегі жалпы мәжілісте « Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жүйесін жетілдіруге байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» және « Мемлекеттік баж туралы” Өзбекстан Республикасының Заңына қосымшалар мен өзгерістер енгізу туралы» заңдары да талқыланды.
Сондай-ақ сенаторлар жанды орындау өнерін одан әрі дамытуға, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың профилактикасы жүйесін жетілдіру, тұлғаның құқықтары мен еркіндігін сенімді қорғау кепілдіктерін одан әрі күшейтуге, алкоголь мен темекі базарын реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар заңдарды да қарауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, «Экологиялық сараптама, қоршаған ортаға әсерін және стратегиялық экологиялық бағалау туралы», «Өзбекстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы», «Өзбекстан Республикасының “Өзбекстан Республикасына қызмет көрсеткен эколог” құрметті атағын беру туралы,
«Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» және «Өзбекстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері және жасайтын орны бойынша тіркеуден өткізу туралы» заңдар да жалпы мәжілістің күн тәртібінен орын алды.
Сонымен бірге, «Өзбекстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтық қатынастар туралы Келісімді (Душанбе, 2024 жылғы 18 апрель) ратификациялау туралы», «Жылыжай газдарының шығарылуын шектеу туралы» заңдар және Олий Мажлис Сенаты Кеңесінің қаулыларын бекіту туралы мәселе де қаралатын болады.