Моңғолия Президенті мемлекеттік сапармен Өзбекстанға келеді

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух 23-26 маусымда мемлекеттік сапармен елімізге келеді.

    Жоғары мәртебелі мейманның сапары бағдарламасына сәйкес Ташкент қаласында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізу жоспарланған. Өзбекстан-Моңғолия достығы мен көпжақты ынтымақтастық қатынастарын одан әрі кеңейту және нығайту мәселелері қарастырылады.

    Атап айтқанда, күн тәртібінде сындарлы саяси диалог пен парламентаралық байланыстарды дамыту, екіжақты тауар айналымының көлемін арттыру, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, денсаулық сақтау, көлік, логистика және басқа да салалардағы ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыру жоспарлары бар. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық және туристік байланыстарды жандандыруға бағытталған бірлескен шаралар талқыланады. Халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасылады.

    Саммит қорытындысы бойынша үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар кешенін қабылдау көзделген.

    Мемлекеттік сапар аясында Президенттердің екі елдің жетекші компаниялары мен іскер топтарының өкілдерімен кездесуі және басқа да бірқатар екіжақты іс-шаралар жоспарланған.

    Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух сапар аясында Хиуа қаласына барып, халқымыздың бай мәдени-тарихи мұрасымен танысады.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates