Германия Канцлері Регистан ансамблімен танысты

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев елімізге ресми сапармен келген Германия Федералдық Канцлері Олаф Шольцты Регистан алаңында қарсы алды.

    Өзбекстанның басты рәміздерінің бірі, әлемге әйгілі Регистан алаңы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. Ансамбль құрамына кіретін «Ұлықбек», «Шердор» және «Тиллакори» медреселері өзінің сәулеті, бай тарихы, қайталанбас келбетімен баршаға ерекше әсер сыйлады.

    Жоғары мәртебелі мейманға Шығыс сәулет өнерінің осы жауһарының құрылысы, безендірулерінің ерекшеліктері, сондай-ақ осы орынға қатысты маңызды оқиғалар мен тұлғалар, өзбек халқының мәдени мұрасы туралы тарихи мәліметтер айтылды.

    Әңгімелесу барысында әлемдік өркениеттің көне бесігінің бірі ретінде танылған Самарқанд қаласы бүгінде іскерлік және туристік орталыққа айналып отырғаны айтылды.

    Шавкат Мирзиёев пен Олаф Шольц Регистан ансамблінің алдында бірге суретке түсті.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates