Мәжілісте «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы жүйесін жетілдіруге байланысты Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заң талқыланды.
Атап өтілгендей, Өзбекстан Республикасы Президентінің қаулысына сәйкес кәмілетке томағандар арасында құқықбұзушылықтардың профилактикасын жаңаша жанасулар негізінде жетілдіруде Өзбекстан Республикасы Ұлттық гвардиясы құрылымында Балалармен жұмыс істеу басқармасы құрылды. Сонымен қатар, осы Басқармаға ішкі істер органдарынан кәмелетке томағандар мәселелері бойынша аға инспектор-психологтары мен инспектор-психологтар лауазымы штаты өткізіледі.
Осы Заңмен Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне Өзбекстан Республикасы Ұлттық гвардиясы Балалармен жұмыс істеу басқармасы және оның аумақтық бөлімдері қызметкерлерінің әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру бойынша міндеттерді орындамағандық, қоғамдық орындарда темекі және алькоголь өнімдерін тұтынғаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған тұлғаны қоғамға жат іс-әрекеттерге тарту туралы істерді қарауға және айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолдануға қатысты өкілеттерді нығайтатын өзгерістер енгізілуде.
Сонымен қатар, Комитет мәжілісінде «Өзбекстан Республикасы азаматтарын, шетел азаматтарын және азаматтығы болмаған тұлғаларды жасайтын және тұрған жері бойынша тіркеуге қою туралы» Заң да талқыланды.
Атап өтілгендей, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 32-бабында Өзбекстан Республикасының аумағында әрбір азамат еліміз бойлап еркін жүруіне, жасайтын жерін таңдауға құқығы бар екендігі, бұған заңда белгіленген шектеулердің қатысы жоқ екені белгіленген.
збекстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 8 майдағы Жарлығында жаңа редакциядағы Конституцияның 32-бабында белгіленген, еліміздің бүкіл аумағында еркін жүріп-тұру, тұрғылықты жері мен жасайтын жерді таңдау құқығын толық жүзеге асыру мақсатында “Ташкент қаласы мен Ташкент облысында тұрақты жасайтын жері бойынша тіркеуге алынуы қажет болған тұлғалар — Өзбекстан Республикасының азаматтары санаттарының тізімі туралы” Заңның күші жойылды деп танылсын және осыған байланысты Өзбекстан Республикасы азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша тіркеуден өтуі және жасайтын жері бойынша хабардар ету тәртібін белгілейтін заң жобасын әзірлену тиіс деп белгіленді.
Сондықтан Ішкі істер министрлігі тарапынан тиісті заң жобасын әзірленді және Заң шығару палатасы заңды қабылдады.
Заңмен Өзбекстан Республикасы азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша тіркеуден өту және жасайтын жері туралы хабардар ету, сондай-ақ оларды тұрғылықты жері және жасайтын жері бойынша тіркеу саласындағы негізгі принциптер мен ұғымдарды белгіленеді.
Талқылау қорытындысы бойынша Комитеттің тиісті қаулылары қабылданды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенаты баспасөз қызметі.