Сенаторлар “Өзбекстан Республикасына еңбегі сіңген эколог” атағын тағайындау туралы” Заңды талқылады.
Елімізде тұрақты дамудың жаңа талаптарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жаңа тәсілдер негізінде реформалар жүзеге асырылуда. Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, кең жұртшылық өкілдері ынтымақтастықта жұмыс жүргізуде.
Заң аясында осы салада еңбек етіп жүргендерді қолдау және олардың еңбегін лайықты түрде ынталандыру мақсатында “Өзбекстан Республикасына еңбегі сіңген эколог” атағын тағайындау көзделуде.
Бұл атақ экология мен қоршаған ортаны қорғау саласын дамытуда, табиғатты сақтау, биоәртүрлілікті қорғау, климат өзгерістерінің салдарын азайту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қалпына келтіру бағытында елеулі жетістіктерге жеткен азаматтарға беріледі.
Сонымен қатар атақ экологиялық таза және инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу, жасыл аймақтарды кеңейту және көгалдандыру жұмыстарында ерекше белсенділік танытқан, халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, жастарды табиғатты құрметтеуге тәрбиелеу және салаға жоғары білікті кадрларды даярлау бағытында адал еңбек еткен мамандар мен экобелсенділерге берілуі мүмкін.
Отырыста сондай-ақ “Өзбекстан Республикасының кейбір заңнамалық құжаттарына тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару қызметтерін көрсету саласындағы төлем тәртібін нығайтуға бағытталған қосымша мен өзгертулер енгізу туралы” Заң да талқыланды.
Заң аясында Өзбекстан Республикасының Азаматтық және Тұрғын үй кодекстеріне, “Бәсекелестік туралы” және “Электр энергетикасы туралы” заңдарға қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару қызметтері үшін төлем бойынша қарызы бар тұтынушыларға SMS хабарлама жіберілгеннен кейін қарыз өтелгенше электр энергиясы үшін төлемдерді уақытша қабылдамау туралы құқықтық нормаларды көздейтін қосымша енгізу қарастырылуда.
Сондай-ақ, заңда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару қызметін көрсетуші ұйымдардың осы қызметтер үшін төлемдердің есебі сенімді әрі дұрыстығы үшін жауапкершілігі бекітілуде.
Тұрғын үй кодексіне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес, міндетті төлемдер үш айдан артық төленбеген жағдайда, мемлекеттік және жекеменшік тұрғын үй қорларындағы орындардың иелеріне, жалға алушыларға қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару қызметтері тоқтатылмайды.
Сонымен қатар мемлекеттік және жекеменшік тұрғын үйлерге коммуналдық қызметтер көрсету міндетті төлемдер үш айдан артық төленбеген жағдайда тоқтатылатыны, бірақ тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару қызметтеріне бұл ереженің қолданылмайтыны белгіленуде.
Мұнан тыс, Комитет тарапынан халық депутаттарының жергілікті Кеңестерінің Аграрлық, су шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының мүшелері үшін оқыту семинары ұйымдастырылды.
Семинар барысында тұрақты комиссиялардың жұмысын тиімді ұйымдастыру, негізгі бағыттары бойынша нақты жоспарлар құру, құзыретіне жататын маңызды мәселелерді талқылау және нақты нәтижелерге қол жеткізу тәжірибесі талқыланды.
Комитет жергілікті Кеңестердің тұрақты комиссиялары мүшелерінің заңнамалық өзгерістер мен жаңалықтар бойынша білімдері мен дағдыларын арттыру, сондай-ақ салалық заңдарды талқылау кезінде олардың пікірін ескеру қажеттігін атап өтті.
Семинарда ауыл шаруашылығын реформалау және дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, салада жаңа жұмыс орындарын ашу, қоршаған ортаны қорғау, туындаған мәселелерді уақытылы шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу сынды міндеттері белгіленді.
Жиын соңында тұрақты комиссия мүшелері қарастырылған мәселелер бойынша өз ойлары мен ұсыныстарын білдірді.
Отырыс қорытындысында Комитеттің тиісті қаулылары қабылданды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.